Ұлы Жібек жолы бойына орналасқан Жамбыл өңірі – береке-бірлігі жарасым тапқан елдіктің тұғырлы мекені.

Бір кездері құдіретті Қарахан мемлекеті салтанат құрған бұл құтты өлкеде Қазақ хандығы ірге көтеріп, ту тікті. Алғаш рет қазақ деп аталған мемлекеттің қос өзен Шу мен Таластың арасында құрылуы тегін болмаса керек. Жүз жасаған жыр алабы Жамбыл атамыздың атын иемденген ежелгі Әулиеата жері – «алтын құрсақты» өңір. Күміс көмей әншілер мен дәулескер күйшілер, білікті билер мен білекті батырлар өткен бұл берекелі аймақ ән мен жырдың кені Кенен Әзірбаев, қылқобызды құйқылжытқан Ықылас Дүкенұлы, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы сынды біртуар азаматтарды өмірге әкелген. Жамбыл жері Ұлы Жібек жолы дәуірінен бері өзге халықтар мен мәдениеттерге деген ашықтығымен, жарасқан береке-бірлігімен танымал. Ол кезде бұл жерлермен Еуропаға, Қытайға, Персия мен Оңтүстік Азияға сауда керуендері ағылып жатты. Бұл жерде алуан елдің мәдениеттері тоқайласып, бір-бірлерін байытты. Қазақстанның ең көне қалаларының бірі Тараздың сан ғасырлық тарихы осыны айғақтатады. Нұрсұлтан Назарбаев.

Біздің заманымызға дейінгі VIII-VII ғасырларда Талас өзенінің жанындағы далалықта сақ, үйсін тайпаларының одақтары құрылып, Тараз қаласының негізгін қалаған деседі. Оған дәлел қазіргі Тараз қаласындағы Орталық колхоз базарының астынан табылған қала орны.Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу қарсаңында 2011 жылдан бері археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан Тараздың бұрынғы Орталық базарының орнында «Көне Тараз» археологиялық паркі ашылды. Оның қазба жұмыстары барысында археологтар жер қойнауынан өткен күндерден сыр шертетін мыңдаған жәдігерлерді алып шыққан болатын.

Тараз қаласының тарихы жөніндегі ақпараттарға сүйенсек, қала жөніндегі алғашқы жазба деректер 567 жылға жатады екен. Ол Ұлы Жібек жолының Алмалы арқылы қазіргі Қытайдың Құлжа қаласының аумағына Ясы, ал қазіргі Түркістан қаласы бағытындағы, одан әрі Сырдария ағысымен төмен қарай созылып жатқан солтүстік тармағындағы пунктінің бірі болатын.

630 жылы Тараз қаласы арқылы өткен қытайлық діндар-буддалық монах Сюан Цзян «8 не 9 лиден тұратын Та-ло-се қаласына келдім. Бұл қалада әр елден келген көпестер аралас тұрады…» деген хабарлама қалдырған.

Көне Тараздың гүлдену кезеңі Қараханидтердің билік құрған тұсы ХІ-ХІІ ғасырларға келеді.


«XIII-XV ғасырларда Тараз Монғол империясының Шағатай ұлысының құрамында болған.Монғолдардың Таразды жауалап алғаны жөнінде жазба деректер жоқ. Бірақ 1220 жылы қала монғолдарға қарсы айтарлықтай күш көрсеткені үшін қиратылған. Оған дәлел қазба жұмыстары кезінде табылған өрттің белгілері. Монғолдар сол уақыттары қаланың атын Яны, яғни Жаңа деп өзгерткен болуы керек.  Өйткені еуропалық және араб деректерінде қаланың аты Яны деп көрсетілген екен» дейді ғалымдар.

Тараз 1465-1718 жылдар аралығында Қазақ хандығы қалаларының бірі болып есептелген. 1723 жылы Талас алқабын Қазақстанның басқа да оңтүстік облыстарының бөліктері сияқты жоңғарлар жаулап алып, 1756 жылға дейін билік жүргізген. XVIII-XIX ғасырларда Тараз Қоқан хандығының құрамына енеді. 1856 жылы қаланың аты Әулиеата болып өзгертіледі. Бұл ат қалаға Қараханидтерәулетінің негізін қалаған Қараханның құрметіне берілген.

1864 жылы полковник Черняев бастаған орыс әскерлері Орта Азияны жаулап алу барысында Тараз қаласын басып алады. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қала жөнінде мәлімет «Россия. Полное географическое описание нашего отечества» атты еңбекте берілген. Ондағы жазба бойынша Әулиеатада үлкен базар, жәрменке мен бірқатар көлік кеңселері болған. Қала орыс және азиялық бөліктен тұрған. Онда 3 шіркеу, 21 мешіт, пошта-телеграф кеңсесі, қалалық училище, аурухана, әскери госпиталь, 17 фабрика мен зауыт болған. Барлығы 1791 тұрғын үйлер мен 19 мыңнан астам тұрғын тұрған.  Ал 1917 жылы қала арқылы өтетін Семиреченск темір жолы салынып, қаланың дамуына ықпалын тигізді. 1930 жылдары Кеңес кезеңінде Түркісіб теміржолының бір бөлігіне айналды.  1997 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен қалаға өзінің тарихи «ТАРАЗ» атауы қайтарылған.

«Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығының жалпы көлемі 6,5 гектарға жуық аумақты алып жатыр. Жоғарыда суреттерден тамашалаған мұражай ғимараты жертөлені қоспағанда 2 қабаттан тұрады. Онда көрме залдарынан бөлек материалдарды қабылдау және өңдеу, химиялық жұмыстарға арналған және жәдігерлерді қалыпқа келтірумен айналысатын шеберханалар орын тепкен. Сондай-ақ,мәжіліс залы, қорларды сақтау бөлмесі, оқу залдары бар кітап қоймасы, компьютерлік залдар келушілерге қызмет көрсетеді екен.

10

Кешен құрамына кіретін нысанның бірі – «Мыңбұлақ» сквері. Демалыс аумағы өз атауын ежелгі Меркі қаласының маңайында орналасқан «Мыңбұлақ» жайлауынан алған екен. Қытай тарихшысы Сюань Цзаньнің VІІ ғасырда келтірген деректеріне сүйенсек, аталған жайлауда Батыс түркі қағанатының жазғы резиденциясы орналасқан. Тарихшының сөзінше, бұл мекенде сансыз шатырлардан көз сүрінетін болған көрінеді. Тарихшы өз еңбегінде қағанатты сол заманда басқарған Түн Жабғу қағанның нөкерлері мен артынан ерген халқы мекен еткен жазықтың сұлулығын тамсана жеткізген. Сәулетшілердің сөзінше, «Мыңбұлақ» скверінің жобасы тарихшы еңбегінде суреттелген таудан сылдырай аққан мөлдір бұлақтар мен жердің бетін кілемдей жапқан көк шалғыннан, ондағы тарихи нысандар мен басынан қар кетпейтін тауларынан шабыт ала отырып жасалған екен. Өз бойына қазақ даласының кеңдігі, табиғатының сұлулығы мен адамдарының жайдары мінезін сыйдыра білген демалыс аумағының орталығында таудан аққан бұлақтарды бейнелейтін субұрқақ орналасқан.БұлскверБатыс Қазақстан облысының Тараз қаласына жасаған сыйлығы екендігін де айта кеткен.

Кешен құрамына кіретін «Қарауыл мұнарасы» да ежелгі Тараздың өмірінен сыр шерте отыра, қала көрінісіне әр беретін ғимараттардың бірі.

12 12-1

Ұшар басынан көне қаланың келбетімен тамсануға мүмкіндік беретін мұнара, алдағы уақытта Тараздың «Бәйтерегіне» айналары анық.

13 13-1

Ал, «Домбыра» мүсіндік кешені саябақтың сәнін келтіріп қана қоймай, айналаға қазақылықтың рухын таратып тұр.

14

«Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығының жанында Жамбыл алаңы орналасқан. Онда 1961 жылы ақынның 115 жылдың мерей тойына арналып салынған Жамбыл Жабаев ескерткіші қойылған. Жобаның авторы – сәулетші В. Сашенко, мүсінші Қазақ ССР-інің халық суретші Х. Наурызбаев. Мүсін Ленинградта жасалған. Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау қарсаңында бұл алаңды Алматы облысы абаттандыру және екі барельеф орнату жұмыстарын жүргізген. Айта кетейін, Тараз қаласына 1938 жылы жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың есімі берілген болатын.

Сондай-ақ Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында Таразда ерекше алып, 30 метрлік «Қазақ хандығының 550-жылдығы» ескерткіші ашылды. «Қазақ хандығы кезеңі – ат жалында күн кешкен алаш жұртының қаһармандық дәуірі» Н.Ә.Назарбаев.

ТАЛАС ӨЗЕНІ

ТЕКТҰРМАС КЕСЕНЕСІ

Кесене Талас өзенінің жағасына, Тараз қаласының оңтүстік-шығыс бөлігіне, айнала ортадағы биік төбеге салынған ежелгі қаситетті орын. Тектұрмас қасиетті сұлтан Махмуд хан жерленген жер деп саналады. Кешен негізі VІІІ-XI ғасырда, Ислам діні енгенге дейін қалана бастады. Ислам дәуірінде салынған кесененің өзі 1935 жылы қиратылған.Қазіргі оның орнына ортағасырлық үлгідегі жаңа кесене салынып, қалпына келтірілді. Ертедегі аңыз бойынша Тектұрмастан қашан болса да бір дыбыс шығып, әуен естіліп тұрады екен. Ол әуен, әсіресе, таң самалында күңіреніп күй тартады деседі. Дәл қасында қазақтың Ұлы батыры Мәмбет батырдың моласының үстіне соғылған кесене бар.

ҚАРАХАН КЕСЕНЕСІ

Қарахан кесенесі өзінің әсемдігімен Ресей сәулет өнерін бағалаушыларын 1902 жылдың өзінде ежелгі Тараздың теңдесіз жасампаздығы ретінде таңдандырыпты. Археологиялық қазбалар көрсеткендей, бұл ғимаратты өрлеу кезінде өте шеберлікпен әзірленген 30 түрлі өрнекті кірпіштер пайдаланған. Кесене XI ғасырда салынған. Қазіргі Тараз қаласының орталық бөлігінде Төле би мен Байзақ батыр көшелерінің қиылысында орналасқан. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ши-Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған. XI ғасырда салынған кесененің 4 қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы XIX ғасырдың 90 жылдарына дейін сақталған. Оның тек күмбезі ғана құлаған. 1905 жылы оның құлаған бөлігін түгелдей бұзып алып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салған. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкент ишамы Саид Бахманов салдырған деседі.

АЙША БИБІ КЕСЕНЕСІ

Айша бибі кесенесі – XI-XII ғасырлар. Айша бибі орта ғасырда өмір сүрген ару қыз. Ол Зеңгі бабаның қызы. Айша бибі Тараздан келген жас батыр Қараханның өнеріне ғашық болған. Жігіт те қызды ұнатқан. Бірін-бірі ұнатқан екі жас бас қосып, өмірлік серік болуға уағдаласады. Алайда, аяқастынан еліне жау шапқанын естіген Қарахан дереу еліне аттанады. Әуелі кезде хабар болмаған соң, алаңдаған Айша бибі күйеу жігіт еліне барып бір хабарын білейін, аман болса алдыңызға келіп ақ батаңызды алып қосылармыз деп, әкесінен рұқсат сұрайды. Бірақ қыз әкесі келісімін бермейді. Айша бибі әкесі Зеңгі бабаны тыңдамай 40 қыз жолды ертіп, Қараханның еліне өз бетімен аттанады. Әкесі Айша бибіге теріс батасын береді. Айша бибі Қараханның еліне таяғанда дем алмақшы болып су бойына тоқтап жуынады. Сол кезде жерде тұрған сәукеленің  ішіне жылан кіріп кетеді. Айша бибі оны байқамай, сәукелесін киейін дегенде жылан шағып алады. Қыздардың хабарын естіп Қарахан да келеді. Бірақ Айша тілге келмейді. Ең болмаса о дүниеде қосылайық деп Қарахан сол жерде Айшамен некесін қидырады. Қарахан сол Айша бибі қабірінің үстіне күмбез тұрғызады.

Тараз ең көне ғана емес, сонымен қатар еліміздегі ескеркіштері өте көп қалалардың бірі. Мен Тараздың әлі талаааааай жерін көрмегенімді білемін. Бұйыртса болашақта тағыда барып, тағы да көре жатармын. Әр Блог құрылтайдың өзіндік ерекшелігі болады ғой. Ал бұл құрылтай ерекше-ерекше : )

Мен көрген Тараз осындай, әдеміііііііі ^_^

« Предыдущий
Следующий »

Автор

Айнұр Марат Өзіңе тілемегенді өзгеге де тілеме. (c) Конфуций