Шала қазақ – сендерге, наверное, таныс сөз, теперь Қазақстанда ол үлкен проблема болды. Оны шешу үшін, қандай тəсілдерді қолдануға болады? Қазір я вам отвечу!

Осы мәселе көтерілетіні алғаш емес. Бірақ қашаннан бері ол жағдай бір «проблема» ретінде қалыптасып кетті? Баяғыда Қазақстан Республикамыз тәуелсіз ел болады деп ешкім ойламаған да. Бүкіл қазақ орыс тілді білуге талпынып, ана тіліміз тым жойыла жаздады. Бірақ қәзіргі кезге қарасақ, орыс тілі Қазақстанда әлі үстем алады. Қазақ тілді ілгеріту үшін не істеу керек?

Мен осы сұрақты бірнеше адамдарға қойдым. Олар – менің жанұям, достарым және ұстаздарым. Әркімнің көзқарасы әр түрлі, сондықтан мен олардың жауаптарына қарай осы мақаланы үшке бөлдім: «Шала қазақ» – шыныменде мәселе ме? Оған не себеп болды? Ол маңызды мәселе болса, оны шешу үшін қандай тәсілдерді қолдану керек?

Кейбіреулер былай ойлайды: шала қазақша біздің мемлекетімізде қалыптасқаны соншалықты, ол қазақ тілінің жеке бөлігі деп саналады. Яғни таза немесе шала қазақша сөйлеуге әркімнің құқығы бар.

Осы пікірге мен еш қарсы емеспін. Қазақстан Республикада сөз бостандығы сақталған. Қазақтарда шыныменде қандай тілде сөйлеуіне байланысты таңдауы бар. Бірақ қазақ тілінде таза сөйлеуге шалаға қарағанда жақсы емес пе?

Соған қарамастан, менің кейбір достарым басқаша санайды. Шала қазақшада сөйлегенде, адамды оңайырақ түсінуге болады. Дәйексөзін келтірсем: «Доступный тіл», – деп есептейді.

Қанша адам болса, сонша көзқарас болады, – деп бекер айтпайды екен.

Сондай жағдай Қазақстанда ғана емес, тіпті барлық мемлекетте бар. Бірақ оны шыныменде мәселе қылып дау көтермейді. Сонда біздің халық соншамадай кінәмшіл ма?

Мен былай деп санаймын: біз демократиялық елде тұрғандықтан, ешкімге шала қазақшада сөйлеуге тыйым сала алмаймыз. Бірақ халықты таза қазакшада сөйлеуге шақыруды да ешкім тыйым сала алмайды. Сол үшін мен Қазақстанды ең бейбітшіл және сан қырлы ел деп санаймын! Әркім әркімнің ой-пікірін құрметтейді.

Шала қазақтың тудыруына көп себеп бар. Оларды табу үшін біз тарихқа қарауымыз керек.

Ол ең алдымен біздің тәуелсіздігіменен тығыз байланысты. Қанша қантөгіс болды, қанша көзден жас ағыздырды…

Біз қазақ тілімізде – өзіміздің ана тілімізде – емін-еркін сөйлеу үшін, біздің ата-бабаларымыз өте ауыр жолдан өтті.

Және де көршілестік назарсыз қалмады. Көрші елдер бізге қатты ықпал тигізді.

Біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет. Келешекте қазақ тілі орыс тілмен ғана емес, басқа да (мысалы, ағылшын) тілдермен араласа бастайды.

Бірақ қазіргі күнінен бастап жастарды таза қазақшаға шақырсақ, ол мәселені тым жоюға да болады!

Жаңа ғана мен басқа мемлекеттер туралы сөз айтып кеттім. Ол мәселе барлық елде бар дестім. Соған қарамастан, осы мәселені жойған не осы мәселемен тым кездеспеген де елдер бар. Мысалы, Қытай. Ал Өзбекістанда баяғыда өзбекше сөйлей алмайтын адаммен сөйлеспеген. Сөзін түсінсе де, ол адам өзбекше сөйлемегенше оған тіпті жауап бермеген. Осы жағдай туралы мен достардан естідім. Ол даналық ой емес пе?

Шала-казак миллионер ТАМАША

Егер әр жанұя таза қазақ тілге шақырса, кішкене қасарып немесе мақсатты болса, онда осы мәселені шешілген деп те санауға болады ғой!

Осынын барлығын жазып отырған себебім бір – таза қазақ тілге шақыру. Таза қазақ тілде сөйлеу сендердің сауаттылығын көрсетеді. Әрине шала қазақшада сөйлеймін десеңіз, мен ештеңе айта алмаймын, бірақ тек таза қазақшада сөйлеп көруге тырысып көріңдерші. Ол шыныменде жаңға жайлы және басқаларға да тамаша естіледі. Таза сөйлейтін адамды тыңдау сондай рақат!

Тілімізге назар аударсақ, шала қазақты мәселе ретінде болмайтын шығар. Байқап көріңдерші. Сендер міндетті түрде барлығын өздерің түсінесіңдер.

« Предыдущий
Следующий »

Автор

Нурай Елеукен Бедняк покупает газету, богач — ее главного редактора